Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін "Азия-Еуропа" форумының (АСЕМ) 12-саммитіне қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу