Мемлекет басшысы Ғабит Байжановты, Асқар Жұмағалиевті, Роман Склярды қабылдады

991

Олар президентке басқаруындағы  ведомстволардың қазіргі жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы Ғабит Байжановты, Асқар Жұмағалиевті, Роман Склярды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекет басшысына Сыртқы барлау қызметінің қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ, президент Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады.

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Қазақстан президентіне ведомство жұмыстарының нәтижелері және орташа мерзімді кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қорғаныс өнеркәсібі мен аэроғарыш саласының деңгейін көтеру және технологиялық тұрғыдан жаңғырту жөніндегі ведомстваның алдына қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, цифрлық технологияны біртіндеп және жан-жақты енгізу қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярды қабылдады

Мемлекет басшысына ведомствоның қазіргі жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде баяндалды.

Қазақстан президенті министрлікке бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді орындаудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ индустриялық даму жобаларын уақтылы іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Кездесулер қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу