Мемлекет басшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл қойды

574

Мемлекет басшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл қойды

Нұрсұлтан Назарбаев Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алау мен Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Әзербайжанның азаттығы мен аумақтық тұтастығы жолында қаза тапқан батыр перзенті жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу