Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

1189

Сапар барысында Канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

Биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

"Сапар барысында Канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. Сапар бағдарламасына Мемлекет басшысының Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген",– делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, Германияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, "Германия – Орталық Азия" парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді, Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысады және неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу