Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев жүздеген мың қазақстандықтар секілді бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчын тамашалайды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Президент шын жүректен біздің жігіттерді қолдайды және жеңіс үшін қолдан келген барлық мүмкіндігін жасайтынына сенеді", - деп атап өтті Берік Уәли.
Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жалғастыруда. Қазақстандық футболшылар Грекияны жеңуі тиіс. Бұл плей-офф финалында ойнауға мүмкіндік береді. Еуроға жолдаманы жеңімпаз команда иеленеді.
Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуі 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35–те Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.