Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты

784

Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адам қаза болды.

Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, 24 тамызда елдің Шатили деп аталатын ауылының маңындағы құзды бөктерден Mersedes маркалы микроавтобус құлап, ішіндегі 20 жолаушының 17-сі қаза тапқан еді. Көлік ішінде Тбилисиден келген туристер болған. Ауыр жарақат алған 3-еуі қазір ауруханада. Қаза тапқандардың туыстарына жергілікті билік өкілдері көңіл айтты. 

Осы апатқа байланысты "көлік эксплуатациясы мен қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу