Мемлекет басшысы: Ғылым саласы ауқымды өзгерістерге толық дайын болуы керек

Президеттің пікірінше, "Халықтық құрылыс" жоғары білім жүйесіне де зор жауапкершілік жүктейді.

Мемлекет басшысы: Ғылым саласы ауқымды өзгерістерге толық дайын болуы керек Фото: Ақорда

Сол себепті, Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумының маңызына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Жалпы, ауқымды құрылыс жүргізу, цифрлық экономика құру, логистика инфрақұрылымын дамыту, жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу – ұлтымыздың болашаққа ұмтылысын айқындайтын аса маңызды міндеттер.

Бұл жұмыстың бәрін сапалы орындау үшін, ең алдымен, кәсіби даярлығы жоғары, білікті мамандар, тіпті, жаңа мамандық иелері қажет болады.

Демек "Халықтық құрылыс" жоғары білім жүйесіне де зор жауапкершілік жүктейді.

Ғылым саласы бұл ауқымды өзгерістерге толық дайын болуы керек деп санаймын. Сондықтан, бүгінгі жиынның өте өзекті екені анық, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу