Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады

624

Бұл туралы ақпаратты Ақорданың ресми сайты жариялады.

Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: mir24.tv

Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Шираз қаласындағы Шахчерағ ғибадатханасында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді. 

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылғандарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын, – деп жазылған Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бақилық болғандардың жаны жәннатта болуына, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу