Мемлекет басшысы Иран Президентімен кездесті

1071

Сондай-ақ, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті.

Мемлекет басшысы Иран Президентімен кездесті

"Иран Президенті Хасан Руханимен кездесуде ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін талқыладық. Сауда-экономикалық саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән бердік",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter әлеуметтік желісінде.

Қазақстан басшысы, сондай-ақ, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен де кездесу өткенін хабарлады.

"Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды кеңейтуге уағдаластық. Елдеріміздің арасында барлық бағыттар бойынша сенімді әрі ашық диалог орнаған. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз дамып келеді",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу