Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

689

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тұрғымбаевқа қолға алған реформаларды нәтижелі іске асыру керек екенін айтып, министрліктің алдына нақты міндеттер қойды.  

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлацды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттің биылғы Қазақстан халқына арнаған "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауын жүзеге асыру, атап айтқанда, төтенше жағдай комитетін Ішкі істер министрлігінің құрамынан бөлу жұмыстары жайында баяндалды. Министрдің айтуынша, бүгінде арнайы комиссия құрылып, алдағы уақытта Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құрамында қызмет ететін 25 мыңға жуық адамның тізімі нақтыланып, қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар бөлініп жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы бір айдың ішінде аяқталады.

Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев "полиция қадамдық қолжетімділікте" қағидаты бойынша реформалау жұмысының барысы туралы айтты. Министр аталған қағидат бойынша жергілікті полиция қызметкерлері материалдық тұрғыдан толық жабдықталып, олардың республиканың барлық аумағында халықпен тығыз жұмыс істеуіне оңтайлы жағдай жасалатынын жеткізді. Осы мақсатта учаскелік полиция қызметкерлерінің мәртебесі заңмен бекітіліп, олар автокөлікпен, фото-видео бақылау құрылғыларымен, электронды планшеттермен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, кездесуде Ішкі істер министрлігінің жұмысын цифрландыру мәселесі де қозғалды. Қазірдің өзінде министрлік жұмысының 83% электронды форматқа көшкен. Жыл соңына дейін бұл межені 91% жеткізу көзделіп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу