Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

304

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, Корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Испания Королінің барлық игі бастамасына толайым табыс, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу