Мемлекет басшысы Италия Президентін құттықтады

143

Президент Италия халқына құт-береке тіледі.  

Мемлекет басшысы Италия Президентін құттықтады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелла мен оның отандастарын ұлттық мереке – Республика күнінің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің ерекше маңызын атап өтіп, екі елдің сан қырлы ықпалдастығы алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Италия халқына құт-береке тіледі.  

Сонымен қатар Мемлекет басшысы осы елдің ұлттық мерекесіне орай Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге де құттықтау жеделхатын жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу