Мемлекет басшысы Италияның техникалық жоғары оқу орындарын Қазақстанда филиалдарын ашуға шақырды

252

Президент бірінші "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Мемлекет басшысы Италияның техникалық жоғары оқу орындарын Қазақстанда филиалдарын ашуға шақырды Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мен мәдениет салаларындағы ықпалдастық жайында сөз қозғады

– Қазіргі уақытта Италияда төрт мыңға жуық қазақстандық студент білім алады. Біз жастарымыздың үздік университеттерде оқуына мүмкіндік жасағаны және грант пен шәкіртақы ұсынғаны үшін Италия Үкіметіне алғыс айтамыз. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Италияның техникалық жоғары оқу орындарын Қазақстанда филиалдарын ашуға шақырамын. Біз қазір инженерлік-техникалық білімге ерекше мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мақсатында 2026 жылы "Орталық Азия мен Италияның мәдениет жылы" тақырыбы аясында бірлескен іс-шаралар легін өткізуді ұсынды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жиында айтылған ұсыныстардың барлығы отырыс қорытындысы бойынша қабылданатын Бірлескен декларацияда көрініс табатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу