Мемлекет басшысы "Иван Зенченко" ЖШС-не барды

927

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарын Аққайың ауданы, Рублевка ауылындағы "Иван Зенченко" ЖШС-нен бастады.

Мемлекет басшысы "Иван Зенченко" ЖШС-не барды

Қазақстан Президенті сүтті тағамдар өндіретін ферманың толық айналымдағы жұмысымен  танысып, астық жиналып жатқан егістік алқабын аралап шықты және механизаторлармен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Нысанды аралау барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысына өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы баяндады. 

Кәсіпорын директоры Геннадий Зенченко Мемлекет басшысына өндірілетін өнімдер мен өткізу нарығы, соның ішінде тауардың Ресейге экспортқа шығарылуы жөнінде айтты. Ол сондай-ақ компанияның ауылдық округтегі әлеуметтік саланы дамытуға зор көңіл бөліп отырғанын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның жұмысын мен экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу