Мемлекет басшысы "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне қатысқан балалармен кездесті

217

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне қатысушы балалармен жүздесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы "Jas Galym. Science Quest" фестиваліне қатысқан балалармен кездесті Фото: Ақорда

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін фестиваль биыл ғылым тақырыбына арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала оқушыларымен бірге "Science", "Engeneering", "Art", "Technology" және "Mathematics" станцияларын аралап көрді.

Квест форматында ұйымдастырылған шарада оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.

Мемлекет басшысы балаларды мерекемен құттықтап, келешек ұрпаққа зор үміт артатынын айтты.

Жеткіншектердің ғылыми ізденісі мен шығармашылығын шыңдауға үлес қосқаны үшін фестиваль ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу