Мемлекет басшысы KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралады

170

Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығаруға қауқарлы.  

Мемлекет басшысы KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғаны жөнінде баяндалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұнда заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етеді.

Бүгінде сэндвич-панелдер өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа да нысандардың құрылысын жүргізуде сұранысқа ие екені айтылды.

Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беретініне және еліміздің инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу