Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Самарқандқа барады

608

Қарашаның 10-11 күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Самарқандқа барады Фото: akorda.kz

Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.

Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу