Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

1440

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде елбасыға әлемнің үздік тәжірибелерін пайдалану арқылы құрылып жатқан халықаралық қаржы орталығын іске қосуға әзірлік жұмыстары жөнінде айтылды.

Қайрат Келімбетов президентке 2018 жылғы қаңтарда ашылатын "Астана" халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраждық орталықтың нормативтік құжатын дайындау жұмысы аяқталғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа орталықты дамытудың негізгі бағыттары жөнінде мәлімдеп, "Астана" халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық биржасын құру барысы туралы айтты.

Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы қазіргі уақытта Шанхай қор биржасымен және Nasdaq Inc. компаниясымен қаржы орталығын одан әрі қалыптастыруға және дамытуға септігін тигізетін келісімге қол қойылғанын атап өтті.

Елбасы ұсынылған есепті назарға алып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу