Мемлекет басшысы: Қандай да бір сын айту да заң аясында болуға тиіс

995

Мемлекет басшысы заңның қатаң сақталу керектігін ескертті. 

Мемлекет басшысы: Қандай да бір сын айту да заң аясында болуға тиіс

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде адамдардың жиналуына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірі берілген видеоүзіндіні жариялады.

"Менің түсінігімдегі әділеттік – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, барлығы да заңға бағынуы керек. Сондай-ақ, заңды еліміздің азаматтары да сақтауы қажет. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да заң аясында болуға тиіс. Егер адамдардың жиналуына қатысты айтар болсақ, ол да рұқсатпен болуы шарт. Сондықтан, мен біздің елде заңдардың сақталатынын қатаң ескертемін", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу