Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовті қабылдады

617

Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовті қабылдады

Кездесуде Кәрім Мәсімов мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шараларды атқарып жатқанын баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті алдағы уақытта "ЭКСПО-2017" көрмесімен қатар әлемдік деңгейдегі басқа да ауқымды шаралар өтетінін еске салды.

"Биыл бірқатар халықаралық іс-шара болады. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, парламент мүшелері, сондай-ақ шетелдерден және өз елімізден туристер көптеп келеді деп жоспарланып отыр. Осыған орай сол іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет. Ең алдымен қауіпсіздік мәселесіне назар аудару керек", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы басқа елдерде болып жатқан террорлық актілерге тоқталып, ондай жайларға жол бермеу үшін тиісті жұмыс жүргізу, соның ішінде шетелдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл орнату қажеттігін айтты.

Кәрім Мәсімов елбасыға мұндай ауқымды іс-шараның қауіпсіз өтуі, сондай-ақ терроризммен және діни экстремизммен күрес Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, басқа да құқық қорғау органдарының ұдайы бақылауында болатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу