Мемлекет басшысы Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді тапсырды

1196

Президент "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.

Мемлекет басшысы Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді тапсырды

"QazaqGaz" ҰК" АҚ басшысы Президентке ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды nbusiness.kz.

Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевқа газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Аталған жоспарда ресурстық базаны кеңейту, еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған. Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыру және Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу