Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

173

Кездесу Өңірлік экологиялық саммит пен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Тәжікстан Президентінің сапары аясында өтті.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді Фото: akorda.kz

Тараптар қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сонымен қатар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді толық әрі тиімді іске асырудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу