Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына екі күндік жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаевтың жұмыс сапарын қорытындылап, видео жариялады.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 желтоқсан күні Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды.
Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласындағы бірқатар мәдени нысанға барды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне де қатысты.