Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады

317

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде, еліңіз экономикасы қарқынды дамыған, өңірлік және жаһандық тұрғыдан кеңінен мойындалған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі ретінде танылды. Әсіресе, Сіздің басшылығыңызбен жүргізіліп жатқан бітімгерлік бастамалар мен әлемдік деңгейдегі шаралар осыған дәлел бола алады. Осы тұста Сіздің сындарлы көшбасшылығыңызбен еліңіз алдағы уақытта да өркендеп, мақсат-мұраттарға жете беретініне сенімдімін. Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналып, сындарлы да мазмұнды қатынастарымыздың нығая түскенін ерекше атап өтемін. Болашақта дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастығымыз жалғасын тауып, халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын", – деп жазылған құттықтау жеделхатында.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу