Еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің халық алдындағы абырой-беделін, ел басқару ісіндегі даналығы мен ерекше тұлғалық қасиеттерін, әлемдегі бейбітшілікті сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін атап өтті.
Ақпаратта көрсетілгендей, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Дохада өткен кездесуде Қатар Әмірімен стратегиялық серіктестік орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін, сонымен қатар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.