Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

221

Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты. 

Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу