Мемлекет басшысы Қазақстан футболшыларын бүгінгі жеңісімен құттықтады

558

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын бүгінгі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан футболшыларын бүгінгі жеңісімен құттықтады

"Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!", – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу