Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Президенттің құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Ораза айт құтты болсын!",– делінген құттықтауда.
Сондай-ақ Ораза айттың мән-мағынасына тоқталып, ізгі ойлар мен игі істердің өзара түсіністік пен келісімге бастайтынын, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейтінін айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу