Мемлекет басшысы Қазақстанның шығармашыл жастарымен кездесті

643

Мемлекет басшысы Қазақстанның шығармашыл жастарымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы басталар алдында жас әнші Димаш Құдайбергеновпен және режиссер Ақан Сатаевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы әңгіме барысында Димаш Құдайбергеновті Қытайда өткен халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтап, оған бақ-береке және зор шығармашылық табыс тіледі.

Ақан Сатаев президентке өзінің жоспары жөнінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев кинотуындылар түсірерде қазақ ұлтының қалыптасуы, тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасының салынуы жөніндегі тақырыптардың өзекті екенін ескеру қажет екенін айтты.

Соңында президент еліміздің жас дарындарына батасын берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу