Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

504

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде орын алған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

Бұған дейін хабарланғандай, Қытайдың оңтүстік-батысындағы жер сілкінісі құрбандарының саны 21-ге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу