Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты

766

Бүгін 73 жасқа қараған шағында белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды.

Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті публицист, белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымдарда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу