Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

471

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

– Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам мерт болды. Оның 19-ы шетелдік. 

Белгілі болғандай, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу