Мемлекет басшысы Ли Чжаньшуды қабылдады

1110

Кездесуде қазақ-қытай  жан-жақты стратегиялық  ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен  даму перспективалары сөз болды.

Мемлекет басшысы Ли Чжаньшуды қабылдады

Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 11-12  қыркүйекте Қытайға барған алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындылары мен жасалған келісімдері талқыланды.

Ли Чжаньшу Қазақстан Президентіне үлкен құрмет көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шынайы сәлемін жеткізді.

"Төраға Си Цзиньпин Сізді мемлекетті басқару ісінде өз көзқарасы бар, өзара қарым-қатынасымыздың стратегиялық маңызын терең түсінетін, тәжірибесі мол саясаткер ретінде жоғары бағалайды. Сондықтан екі елдің көшбасшылары арасында өте маңызды келіссөздер өтті. Сіздің еліңіз бізге жақсы дос, Сіз де байланыстарымыздың дамуына зор үлес қосып отырсыз", - деді Ли Чжаньшу.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы егемендік құқықтарды өзара құрметтеуге, айнымас халықаралық қағидаттарға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамуға негізделген достық байланыстарды атап өтті.    

"Шын мәнінде, біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жөнінде маңызды, іргелі келісімдер жасалды. Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы мәңгілік стратегиялық сипатта. Бұл келісімдерге Сіздің де қосқан үлесіңіз орасан. Елімізде маңызды іс-шараға қатысасыз. Сізге сәттілік тілеймін" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу