Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

368

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

– Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу