Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

285

Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде есеп берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу