Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс депутаттарының бесінші сессиядағы жұмыс нәтижелері мен аймақтарға сапарлары, сондай-ақ, алдағы парламенттік сессия жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, депутаттар дәріханаларға, ауруханаларға арнайы барып, дәрі-дәрмектердің қорын тексеріп, оның бағасын бақылады. Сондай-ақ депутаттар еріктілер орталықтарының жұмысына да белсенді атсалысуда.
Қазіргі уақытта Палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы бар, оның 22-не депутаттар бастамашы болған. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, олардың қатарында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан әрі қалпына келтіруге, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға және т.б. салаларға бағытталған заң жобалары бар.