Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың басшылары туралы Жарлыққа қол қойды

1207

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшылары өкілеттігінің тоқтатылуы туралы" Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың басшылары туралы Жарлыққа қол қойды

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар  тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – деп жазылды құжатта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу