Мемлекет басшысы: Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндеу – мүлдем масқара жағдай

3503

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы: Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндеу – мүлдем масқара жағдай Фото: aqorda.kz

Орманшылардың отбасы мүшелерінің бірі жол туралы сұрады.

"Біздің Успенка ауылында ешқашан асфальт болған емес. Шағал жол ғана. Мұндағы адамдар асфальтты өмірінде көрмеген. Тіпті қазір өрт сөндіруге келгендердің көлігі де дұрыс жүре алмады. Жол жөндеңдер деп шағымдансақ, өтінішімізге құлақ асқан емес. Ылғи "қаржы жоқ" деп қайтарады. Ал қазір сіз келеді деген соң жолдарды жөндеп шықты, әдемілеп былай жамап қойған. Қараңызшы", - деді ол.

"Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады", - деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу