Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестициялар, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту мәселелері талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Президент Ли Кай Фуға Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына және Digital Bridge 2025 форумы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар қазақстандық тарап пен 01ai компаниясының AlemLLM тілдік моделін бірлесіп іске қосқаны және жасанды интеллект экожүйесін дамытудағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары жөнінде ақпарат ұсынылды.