Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

193

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, 22 жұмысшы "Құрмет" орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің, 51 адам "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.

Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу