Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Молдова президенті Игорь Додонмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары әңгімелесу кезінде Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.
Сауда экономикалық және мәдени гуманитарлық салалар екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттары ретінде аталып өтті.
Кездесуге Молдова жағы бастамашы болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу