Мемлекет басшысы Монаконың князін құттықтады

147

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Монаконың князін құттықтады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу