Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті

126

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен өткен келіссөздерге жоғары баға беріп, соның нәтижесінде мемлекетаралық ынтымақтастық стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Спикерді және бүкіл моңғол халқын биыл маусым айында парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Президент Хуралдың жаңа құрамы елдегі демократиялық үдерістердің дамуына елеулі үлес қосып, Моңғолияның халықаралық аренадағы абырой-беделін арттыруға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы заң шығарушы органдардың диалогы қазақ-моңғол қатынастарын ілгерілететін маңызды алаң деп санайды. Сондай-ақ депутаттардың достық тобы парламентаралық байланыстарды нығайту ісінде зор рөл атқаратынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу