Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

1428

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Баспасөз қызметінің хабарлауынша Президент Моңғолия Президентін  Қазақстан халкының және жеке өзімнің атынан құттықтаған.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі және моңғол халқының өзіңізге артқан үлкен сенімі деп білемін. Осы ретте, еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге асатынына кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара құрмет пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өpici кеңейгенін ерекше атап өтіп, халықтардың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы әріптестікті дамытуда бірге  күш-жігер жұмсауға дайын екендігін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу