"Мұғалім – қоғамның тірегі, беделін көтеру – басты міндет" – Тоқаев

182

Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқығын қорғауды күшейту үшін "Педагог мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. 

"Мұғалім – қоғамның тірегі, беделін көтеру – басты міндет" – Тоқаев Фото: akorda.kz

Ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстарға тартылуы әлі де кездеседі, ал кейбір жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Прокуратура органдары мұндай заңсыздықтарға тосқауыл қоюы тиіс. Сондай-ақ, балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін мұғалімді жазалау – орынсыз. Мектептен тыс, ата-аналардың жауапсыздығынан болған оқыс оқиға үшін ұстаз жауап бермеуі керек", – деді Мемлекет басшысы.

Ол Алматы облысындағы түлектер арасындағы қайғылы жағдайды мысалға келтіріп, директор мен мұғалімдерді жауапқа тарту дұрыс болмағанын атап өтті. Министрліктің олардың мүддесін қорғағанын құптады.

Президент сонымен бірге Маңғыстаудағы оқушылардың сапасыз тамақтан улану оқиғасынан кейін мектеп асханаларын қадағалау толықтай Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне өткенін айтты.

"Бұл – өте дұрыс шешім. Білім беру – стратегиялық сала, сондықтан құзырлы органдар оның мәселелерінен сырт қалмауы керек", – деді ол.

Мемлекет басшысы түйіндей келе, балалардың амандығы, денсаулығы және сапалы білім алуы – елдің болашағы үшін басты басымдық екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу