Мемлекет басшысы Мұхаммед аш-Шайбанимен кездесті

906

Бұған дейін Президент Дубайдың Халықаралық қаржы орталығын (DIFC) аралап көрген болатын.  

Мемлекет басшысы Мұхаммед аш-Шайбанимен кездесті

Мемлекет басшысы Дубай инвестициялық корпорациясының атқарушы директоры Мұхаммед аш-Шайбанимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қаржы саласындағы өзара ынтымақтастыққа және "Астана" халықаралық қаржы орталығының одан әрі даму перспективасына қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар Дубай инвестициялық корпорациясының Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасына және "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысына белсенді қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед аш-Шайбаниге Қазақстан активтеріне инвестиция салуға және сатып алуға қызығушылық білдірген жағдайда біздің мемлекеттік құрылымдардың инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу