ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу