Мемлекет басшысы Мысыр Президентімен телефон арқылы сөйлесті

860

Мысыр тарапының бастамасымен ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі сұхбат барысында Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Ақорда.  

Мемлекет басшысы Мысыр Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр қатынастарының тамыры терең болғанымен, екі ел арасындағы заманауи дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл ғана толғанын атап өтті. Осы мерзім ішінде екіжақты ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.

Дегенмен бүгінгі таңда екі ел арасындағы байланыстарының әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына назар аударған Қазақстан Президенті мысыр тарапын сауда-экономика саласындағы ықпалдастықты дамытуға шақырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік білдіргені үшін Әбдел Фаттах ас-Сиси мен мысыр халқына алғысын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды.

Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.

Сұхбат соңында Мемлекет басшысы Мысыр Президентін Қазақстанға өзіне қолайлы мерзімде сапармен келуге шақырды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу