Мемлекет басшысы неге Конституциялық сотқа жүгінді?

Мұның себебін ведомствоның баспасөз қызметі түсіндірді. 

Мемлекет басшысы неге Конституциялық сотқа жүгінді?  Фото: smi24.kz

Конституциялық сот Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша Парламент қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексерді. Бұл туралы КС баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев қандай заңдарды тексеруді ұсынды? 

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан тексеру туралы өтінішін қарады", – деп хабарлады КС. 

Баяндамашылар – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары Қ.Т. Жақыпбаевтың, Б.М. Нұрмұхановтың және С.Ф. Ударцевтің хабарламаларын тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасының және жекелеген шет елдердің заңнамасына, халықаралық тәжірибеге талдау жасай отырып:

Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сотқа аталған заңнамалық актілерді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтініш жіберді.

Көрсетілген заңнамалық актілердің конституциялылығын тексеру кезінде Конституциялық Сот мыналарды негізге алады:

1. Конституцияның 6-бабының 3-тармағына сәйкес жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Табиғи ресурстардың халыққа тиесілі болуы мемлекеттен, ең алдымен, халықтың, жалпы қоғамның және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, оларға меншік құқығын жүзеге асыруды талап етеді. Негізгі Заңның жаңартылған нормасы мемлекетті Қазақстан халқына тиесілі осы объектілерге меншік құқығын қорғау және заңсыз алынған табиғи ресурстар мен олармен байланысты активтерді тікелей халық мүддесінде пайдалану үшін оларды заңды иесіне қайтару жөнінде барлық қажетті шараларды қолдануға міндеттейді, осы мәселе бойынша халық ниеті 2022 жылғы республикалық референдумда айқын көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу