Мемлекет басшысы Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады

309

Бұл туралы Ақорданың баспасөзі мәлемдеді.  

Мемлекет басшысы Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконның таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бұл айтулы күн сабақтастықтың, бірлік пен ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі саналатын сан ғасырлық Норвегия монархиясының тарихындағы жаңа кезеңге жол ашады. Сіздің қалтқысыз қызметіңіз мемлекетті одан әрі өркендетіп, халықтың игілігін арттыра беретініне сенімім кәміл, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу